Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімі 19 атаудан 31 атауға дейін кеңейтілді.
Үкіметте инфляция және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайы қаралды
Фото: primeminister.kz
152
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляция динамикасы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ахуалына арналған кезекті кеңес өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Азық-түлік инфляциясы төмендеу үрдісін жалғастыруда: желтоқсандағы 13,5%-дан қаңтарда 12,9%-ға, ақпанда 12,7%-ға дейін төмендеді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, бұған әсер еткен факторлардың бірі — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімінің жаңартылуы. Аталған тізім 19 атаудан 31 атауға дейін кеңейтілді. 

Бағаның тұрақтануына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылаудың күшейтілуі де ықпал етуде. Жыл басынан бері Сауда комитеті тиісті талаптарды бұзғаны үшін 800-ден астам әкімшілік іс тіркеді. 

Жалпы ел бойынша инфляция бесінші ай қатарынан баяулап келеді — 2025 жылдың қыркүйектегі 12,9%-дан 2026 жылғы ақпанда 11,7%-ға дейін төмендеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.