Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы мен Өзбекстан Республикасы Есеп палатасының өкілдері арасында кездесу өтті.
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік аудит саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: gov.kz
107
оқылды

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының мәліметінше, кездесу барысында 2026-2028 жылдарға арналған Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары аудит органдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құжат 2025 жылы Шарм-эль-Шейх қаласында (Мысыр Араб Республикасы) өткен ИНТОСАИ жоғары аудит органдары халықаралық ұйымының XXV конгресі аясында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мақсатында әзірленді. Жоспар мемлекеттік аудит саласында тәжірибе және үздік практикалар алмасуды, жұмыс кездесулері мен сараптамалық консультациялар өткізуді, сондай-ақ әдіснамалық ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда, мемлекеттік органдар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған.

Кездесу барысында Жоғары аудиторлық палата мүшесі Рүстем Нұрпейісов жоғары аудит органдарының бірлескен жұмысы Қазақстан мен Өзбекстандағы мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, сенімді нығайтуға және тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жоспарды іске асыру екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары аудит органдары арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды кеңейтуге қосымша серпін береді деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.