Адам баласы үшін шын мәні бар дүние – өзінен қалған ізі, іштегі жарықтың өзге жүректе жалғасуында…
Қалибек Қуанышбаев театры «Шолпанның күнәсі» драмасының премьерасын ұсынады
фото: баспасөз қызметінен алынды
109
оқылды

Наурыз айының 11-12 күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермен назарына Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасының премьерасын ұсынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Миргалиева. Қоюшы және киім суретшісі – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шынар Елембаева. Пластика режиссері - Асан Борончиев. Хореограф - Карина Жиренбаева. 

Ер мен әйел – екеуі екі кеңістік. Екі ғалам. Кейде тағдыр желі сол екі ғаламды түйістіріп, бір-біріне жақындатады. Бірақ түйісу – толық бір болу емес. Әр адам – жалғыз. Сол жалғыздығы – оның өзіне ғана тән ғарышы, құпияға толы ішкі әлемі. Бірінің жарығы - күңгірт, бірінің шырағы - алау. Бірақ әркімнің аспаны – өзінікі...  

Адам баласы үшін шын мәні бар дүние – өзінен қалған ізі, іштегі жарықтың өзге жүректе жалғасуында…

Спектакльде басты рөлдерді екі құрамда Арай Омарова, Бегімнұр Қалила, ҚР “Серпер” Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, Қобыланды Болат, Қайыржан Садықов, Ерғұлан Жанпейісов сомдайды.