Жауынгерлік атыстар барысында мотоатқыштар, шабуылдаушы және танк взводтарының әскери қызметшілері шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған күрделі тактикалық жағдайда тапсырмаларды орындады.
Өскемен гарнизонында механикаландырылған бригада бөлімшелері нысаналарды атыспен жоюды пысықтады
110
оқылды

Өскемен гарнизонында Қасым Қайсенов атындағы механикаландырылған бригадада атыс дайындығы бойынша сабақтар өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жауынгерлік атыстар барысында мотоатқыштар, шабуылдаушы және танк взводтарының әскери қызметшілері шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған күрделі тактикалық жағдайда тапсырмаларды орындады.

Әскери қызметшілер штаттық қару-жарақтан нысаналарды жою және атысты басқару бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады. Бұл ретте қарумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, қозғалыстағы жауынгерлік машиналардан оқ атуға, тактикалық іс-қимылдарға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Батальон командирі майор Мерей Исеновтің айтуынша, сабақтар күндіз де, түнде де өткізілген.

— Атыс дайындығы барысында бөлімшелер өзара үйлесімді іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді. Жеке құрам тактикалық, инженерлік және әскери-медициналық дайындық бойынша да оқытудан өтті. Күрделі ауа райы жағдайларына қарамастан, әскери қызметшілер жауынгерлік техниканы жүргізу, түрлі атыс қаруларынан, гранатаатқыштардан және жауынгерлік машиналардың қару-жарағынан ату бойынша нормативтерді сәтті орындады, — деді ол.

Жауынгерлік дайындықтың осы кезеңінде взводтардың тактикалық іс-қимылдары мен нысаналарды атыспен жою нәтижелері бағаланды.

Өткізілген іс-шаралар әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға және кез келген жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет ету қабілетін дамытуға ықпал етті.