Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш аталған кезеңде 4,8 есе көбейген.
«Вакцина алмағандар жұқтырып жатыр»: Қазақстанда екпеден бас тарту 4,8 есе  артқан
98
оқылды

Қазақстанда соңғы сегіз жыл ішінде вакцина алудан бас тарту көрсеткіші айтарлықтай артқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш аталған кезеңде 4,8 есе  көбейген.

Ведомствоның дерегіне сәйкес, жұқпалы ауруларға шалдыққандардың басым бөлігі екпе алмаған азаматтар. Атап айтқанда, инфекциялық дертке шалдыққан адамдардың 77%-ы вакцина қабылдамаған.

Мамандардың айтуынша, вакцинадан бас тартудың негізгі себептерінің бірі – ата-аналардың өз еркімен қабылдайтын шешімі. Мұндай жағдайлар барлық бас тарту дерегінің шамамен 55%-ын құрайды.

Денсаулық сақтау саласының мамандары вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін атап өтеді. Осыған байланысты тұрғындарды ғылыми негізделген ақпаратқа сүйеніп, балаларын уақытылы екпеден өткізуге шақырады.