Әнші бір ай бұрын сырқаттанып, ауруханаға түскен.
«Жансақтау бөліміне түстім, туысқандарым жылады...»: Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын айтты (видео)
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
283
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова концертінде көрерменге жан сырын ақтарды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші бір ай бұрын қатты сырқаттанып, ауруханаға түскенін айтты.

«Бір ай бұрын жансақтау бөліміне түсіп қалдым. Инфаркт деген бар екен ғой. Кетесің деді, кетпей қалдық қой. Осы концерт болсын деген шығар Алла. Шүкір, рақмет айтамыз. Дұға-тілектеріңізге рақмет. Жарқырап, жайнап жүре береміз. Сөйтсек аурудың бәрі жинала береді екен ғой. Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар. Туысқандарымның бәрі жылады. Жыламаңдар дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр ғой. Мен де бір сынығымын, кетсем кетермін дедім», - дейді әнші.

 Желі қолданушылары әншіге денсаулық тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Ғұмырыңыз ұзақ болсын апатай», «Аңқылдаған әппақ көңілінен», «Аман болсыншы, қызының қуанышын көрсінші», - деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.