1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Қолайсыз ауа райы: төрт облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
159
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 10 наурыз сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі: 

Абай облысы: 

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналып өтуі — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 756 — 906 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қалбатау ауылы); 

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 971 — 1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы); 

- «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 383 — 528 шақырым аралығы (Қайнар ауылына бұрылыс — Баршатас ауылы). 

Шығыс Қазақстан облысы: 

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013 — 1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Рубеж бекеті). 

Жолды 2026 жылы 11 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған. 

Сонымен қатар бүгін, 10 наурыз сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі: 

Қостанай облысы: 

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 340 — 377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы: 

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Державинск қаласы). 

Жолды 2026 жылы 11 наурыз сағат 10:00-да ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.