Продюсер нағыз махаббат елу жастан асқанда басталады деп санайды.
Гүлзира Айдарбекова отбасын сақтау қалудың құпиясын айтты
Фото: instagram.com/kair_n
243
оқылды

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасындағы сыйластық туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жанашырлығы, махаббатты – маңызды дүние. Продюсер нағыз махаббат елу жастан асқанда басталады деп санайды.

«Нұрекең Айгерім келініме сұхбат беріп, сұрағына жауап берген екен. «Есейе келе махаббат бала мен немереге ауып кетеді» депті. Оны әлеуметтік желі мен ютуб арналар жарыса талқылап жатқанын көріп қалдым. Менің көзімше қалай сарнайды екен деп, әзілдеп түсіргенім ғой... Бала-шағаға деген махаббат мүлдем бөлек. Махаббатты онымен шатастыруға болмайды. Шынында, нағыз махаббат 50-ден асқанда басталады. Оған дейін «күйемін», «сүйемін» дегендер, ажырасып кетулер тез. Бір-бірінің бүкіл ыстық-суығына шыдағандарда нағыз махаббат деген, ұлы махаббатқа айналады. Ерлер әйелі болмаса, үйге кіргісі де келмейтіні бәріңізге аян, қартайған ата-аналарыңыздың өмірі соған нақты жауап. Адамның жүрегі мәңгі он сегіз жаста. Ол да рас. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Сонымен махаббат бар ма, жоқ па?» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.