QSR ЖШС (Burger King) қатысты жүйелі бұзушылықтар анықталған.
Burger King қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды
Фото: gov.kz
110
оқылды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті QSR ЖШС-на (Burger King) қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеруді аяқтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде жүргізілді.

Тексеру барысында өтініш берушінің уәждері толықтай расталды.

Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген.

Сондай-ақ инспекторлар компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпегенін, ал персоналдың еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша, QSR ЖШС-на барлық анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді.

Заңды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87, 93 және 94-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жағдай жұмыскерлердің еңбек құқықтары толық қалпына келтіріліп, берілген нұсқамадағы шаралар орындалғанға дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.