Алтынкөл көлінде мұз ойылып, балықшы жағадан алыста қалып қойған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оған көмекке дереу өрт сөндіру бөлімшелері мен «Барыс» құтқару қызметінің мамандары жіберілген.
№11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов суға батып бара жатқан балықшыны құтқаруға тырысқан. Бірақ мұз жарылып, құтқарушының өзі суға кетіп, қаза тапты.
Дамир Таранов азаматтық қорғау органдарында 2012 жылдан бері қызмет еткен. Ал 2016 жылдан бастап Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының өрт сөндіру бөлімдерінде еңбек еткен.
Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.