Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мәмілелер саны бойынша Алматы (5 732 – 20,9%) мен Астана (5 242 – 19,1%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2 250 – 8,2%) тізім басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 255 мәміле (0,9%) тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы қаңтармен салыстырғанда мәмілелер санының ең жоғары оң динамикасы Абай (+20,4%), Солтүстік Қазақстан (+14,2%) және Алматы (+10,4%) облыстарында тіркелген. Ең жоғары төмендеу Шымкент қаласында (-28,3%), Жамбыл (-15,8%) және Қызылорда (-12,9%) облыстарында байқалды.
Бір айдың ішінде көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,1% (466 мәмілеге) азайды. 2026 жылғы ақпанда пәтерлер бойынша барлығы 21 259 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,4%), Астана (24,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,6%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2026 жылдың ақпан айында олар бойынша 8 306 мәміле ресімделген.
2026 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны ақпанда 2,4% (142 мәмілеге) өсті. Өткен айда барлығы 6 162 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсуі Атырау (+29,2%), Қарағанды (+27,4%) облыстарында және Алматы (+26,1%) қаласында тіркелген. Ең көп төмендеуі Ұлытау (-26,4%), Маңғыстау (-19,4%) және Қостанай (-16%) облыстарында байқалды.
2026 жылғы ақпанда тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны былтырғы тиісті айға қарағанда 5,5% азайған, ол кезде 29 022 мәміле ресімделген болатын. Жылдық мәнде сәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында (14%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-30,3%). 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 8% азайған.
.png)
.png)