Маршрут Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы бағытымен өтеді. Сапар барысында саяхатшылар бірнеше күн ішінде өңірдегі маңызды тарихи-мәдени әрі рухани орталықтармен танысады.
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
106
оқылды

2026 жылғы 20-25 наурыз күндері Jibek Joly халықаралық туристік жобасы жаңа сапарға аттанып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын бірлескен трансшекаралық туристік маршрутты жүзеге асырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба мемлекеттер арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға, Орталық Азия елдері арасындағы байланыстарды нығайтуға және бірлескен трансшекаралық туристік бағыттарды ілгерілетуге бағытталған.

Сапар барысында саяхатшылар түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістан қаласына, ислам өркениетінің маңызды тарихи қалаларының бірі – Самарқандқа, бай мәдени мұрасы бар Тәжікстанның астанасы – Душанбеге, сондай-ақ Орталық Азиядағы ірі әкімшілік әрі туристік орталықтардың бірі – Ташкентке барады. Маршрут бағдарламасына экскурсиялар, тарихи-мәдени мұра нысандарын аралау және қатысушы елдердің дәстүрлерімен таныстыратын мәдени іс-шаралар енгізілген.

Жоба Туризм және спорт министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның және «Қазақстан туризм индустриясы» РҚБ республикалық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.