Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды
673
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бинұр Жәленов 1993 жылғы 19 қаңтарда Семейде дүниеге келген.

Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2010-2014 жылдары "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша бітірген. Кейін Нью-Йорк университетінде 2019-2021 жылдары ақпараттық жүйелер магистрі / бизнес әкімшілігі магистрі (MBA) дәрежесін алған. 2022 жылы Кембридж университеті Бизнес мектебінің  Cambridge FinTech and Regulatory Innovation  бағдарламасы бойынша білім алған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын ол 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Электрондық коммерция орталығы" ЖШС-да IT консультант болып бастаған. Содан кейін:

2015-2018 жылдары  Isker Akparat  ЖШС-да менеджер, даму директоры және бас директордың орынбасары;

2019-2020 жылдары Нью-Йорк университетінің Курант математика институтында зерттеу ассистенті;

2020 жылы IBM IX компаниясында технологиялық стратегия бойынша консультант;

2019-2021 жылдары қашықтықтан Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі;

2021-2023 жылдары Ұлттық банктің "Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы" АҚ төрағасы;

2023 жылғы 2 ақпанда – 2023 жылғы 8 тамыз аралығында Ұлттық банктің "Қазақстандық банктер аралық есеп айырысу орталығы" РГП директоры;

2023 жылғы 8 тамыз – 2024 жылғы 9 қыркүйек аралығында Ұлттық банктің "Ұлттық төлем корпорациясы" АҚ төрағасы;

2024 жылғы қыркүйектен бастап бүгінге дейін Ұлттық банктің цифрлық трансформация жетекшісі және төрағаның кеңесшісі қызметін атқарды.