Қызылорда қаласының іргесіндегі Сабалақ саяжайының жол мәселесі жуық арада шешілмейтін секілді. Әсіресе, күз және көктем мезгілінде ми батпаққа айналатын ауыл­дың сүрлеу жолы адам жүруге жарамсыз күйге түседі. Жергілікті әкімдікке осы жайында қанша айт­қа­нымен, талап-тілектерін еститін құлақ табылмай тұр­­­ғанына тұрғындар ашынып отыр.
«Сабалақтың» сүреңсіз сүрлеуі
168
оқылды

«Жалпы, Сабалақтың ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Ха­лық­­тың саны да көбейіп барады. Со­ған қарамастан, бұл аумақты әлі де саяжай ретінде қарайды. Тұр­­­­­ғылықты халық үшін жол мә­се­лесі көп жылдан бері өзекті. Жаң­быр мен қар суынан кейін аяқ алып жүру мүмкін болмайды. Өт­кен аптада жаңбыр мен қар жауып, бүгінде соның зардабын тар­тып отырмыз. Көшеміз ми бат­пақ. Мектеп жасындағы бала­лары­­мыз бен қалада оқитын сту­дент­тердің қатынауы қиын. Осы мә­селе төңірегінде жергілікті әкім­­­­­дікке әрдайым айтып келеміз. Бірақ түйткіл түбегейлі шешімін та­бар емес», – дейді саяжай тұр­ғы­ны Жанар Накипова.

Мәліметке сәйкес, бүгінде сая­­­жайда 6 мыңға жуық халық тұ­ра­­ды. Мектеп, балабақша жұмыс іс­­тейді. Бірақ еш талапқа сай кел­мей­­тінін алға тартады. Бұған дейін же­­кенің ықпалымен ашылған 600 орын­дық білім ошағы осы жылы мем­лекет меншігіне өткізілген. Бірақ 600 орындық мектептің тар­лық ететіні, айтпаса да, түсінікті. Ба­лабақшаның жағдайы да осыған ұқ­сас. Соның салдарынан көпте­ген бала қалаға қатынап білім алу­­ға мәжбүр.

Сабалаққа №28 бағыттағы ав­тобус қатынайды. Осы автобустың соң­ғы аялдамасындағы ахуал, тіп­­ті алаңдатарлық күйде тұр. Сол ау­мақ халқының айтуынша, өз қал­таларынан ақша шығарып, бат­паққа айналған көшесіне құм тө­сеткен. Нақты айтқанда, 150 мың теңгедей шығындалған. Тұр­ғын­дар ең болмаса, сол құмның бе­тіне тас төсеп беруін сұрап отыр.

– Сабалақ халқын осы кө­ше­нің жол­­дары толғандырып тұр. Қар мен жаңбыр суынан кейін көше­міз­­де адам түгілі көлік жүру мұңға ай­налады. Әсіресе, сабағына шық­­қан балалар балшыққа батып, әбі­герге түсіп жатады. Бала­лары­мы­зды таңертең сабағына екі аяқ­киім­мен шығарып саламыз, кеш­ке екі аяқкиіммен күтіп аламыз. Ал жазда шаң көтеріліп, тұрғын­дар­дың жайлы тұрмыс кешуіне та­ғы қолайсыздық туғызады, – дей­ді тұрғын Гүлбану Ұзақ­бай­қызы. 

Ал саяжайдың тағы бір тұр­ғы­ны Ақгүл Аманбаеваның айтуын­ша, жүдеу тартқан жол жедел жәр­­дем көлігінің келіп-кетуіне де үл­кен қиындық туғызып тұр. Бұл ке­­леңсіздік онсыз да дертіне дауа із­­деген жандарға «жығылғанға жұ­­дырық» болғандай.

Қала әкімдігінің тарапынан бұ­ған дейін саяжайдағы 10 көшеге асфальт төсеу, 18 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары басталған екен. Сондай-ақ ауызсу мен кө­гіл­дір отын жеткізіліп, халықтың сұ­­­­ранысы қанағаттандырылған. Дей тұрғанмен, халықтың көңілі әлі де тоқ емес. Оның ішінде жол­ға қа­тыс­ты түйткілдің әлі де то­лық­тай ше­шілмей тұрғанына нара­зы.

Бір сөзбен айтқанда, Сабалақ сая­жайындағы жол мәселесі тұр­ғындарға күрмеуі қиын мәселеге ай­налып тұр. Өйткені жол сапа­сы­ның нашарлығы көлік қаты­на­сы­на ғана емес, халықтың қауіп­сіз­дігі мен тұрмыс сапасын арт­­­­тыруға ай­­тарлықтай зардабын тигізіп отыр. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы