Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмысының аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтарды эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, соның ішінде әуе және құрлық жолдары арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстанның өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетілген.
Министрлік қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге қолдау көрсеткен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.