Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы туралы ақпаратты әлеуметтік желіде таратып, азаматтардың ақшасын иемденген күдікті Ж.Н. Түркиядан экстрадицияланады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметтері бойынша, Ж.Н. түрлі сылтаулар арқылы адамдардың сеніміне кіріп, инвестиция жасауға мүмкіндік беру, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашу, қаражатты шығарып алу және техника сату қызметтерін ұсынған. Осы әрекеттері арқылы бірнеше эпизод бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 13,7 миллион теңгеден асқан, – деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.