Жамбыл атаның ұрпақтары өздерінің сайлау учаскелеріне барып, республикалық референдумға қатысты.
Жамбыл Жабаевтың ұрпағы референдумда дауыс берді
фото: баспасөз қызметінен алынды
166
оқылды

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында бүгінгі күн ерекше  басталды.  Ұлттық киім киген өнерпаздар мен батырлар, көкпаршылар ауылдың орталық көшесімен жүріп, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың тікелей ұрпағы Салтанат Жамбылова бастаған Жамбыл атаның ұрпақтары өздерінің сайлау учаскелеріне барып, республикалық референдумда дауыс берді.

Ата дәстүрін ардақтап, елдік құндылықтарды жоғары қоятын Жамбылдың ұрпақтары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Бірлігі жарасқан әулет ата аманатына адалдық танытып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қараудың өнегесін көрсетті.

«Референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ойын білдіретін маңызды мүмкіндік. Жамбыл атамыз елдің бірлігі мен татулығын жырлаған ақын. Біз де сол аманатқа адал болып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Сондықтан бүгін отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің болашағы жарқын болсын», – деді Салтанат Жамбылова.