Аида Балаева аталған реформалар Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.
Аида Балаева жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс берді
138
оқылды

 Референдум учаскесіне келген Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 – Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым.

Мен үшін жаңа Конституция жобасында білім беру, ғылым, мәдениет және инновация салаларының басымдығының ең жоғары деңгейде айқын бекітілуі айрықша маңызды. Бұл еліміздің болашағы тек экономикалық көрсеткіштер мен табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен адам капиталына, ұлттың интеллектуалдық әлеуетіне, мәдениет пен тарихи мұраға деген құрметке негізделіп құрылатынын білдіреді. Мұндай ұстаным Қазақстанның білімге, жасампаздыққа және ұзақмерзімді орнықты дамуға бағытталған стратегиялық таңдауын айқын аңғартады.

Менің ойымша, бұл  Мемлекет басшысы 2019 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан саяси реформалардың нақты нәтижесі. Аталған реформалар Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған, мұнда ашықтық, жауапкершілік, азаматтардың белсенді қатысуы және қоғам пікіріне құрмет басты қағидаттарға айналып келеді.

Қазақстандықтар дұрыс әрі жауапты таңдау жасайды деп сенемін, –  деді Аида Балаева.