Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де беріледі.
Референдум: 4 миллионнан астам азамат дауыс берді
aikyn.kz
145
оқылды

Еліміз бойынша сағат 12.00-ге дейін референдумда дауыс беруге тізімдегі халықтың 37,54 пайызы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Орталық референдум комиссиясы референдум сайтына сілтеме жасап.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

1. Абай облысы бойынша – 41,93 %.

2. Ақмола облысы бойынша - 44,66 %

3. Ақтөбе облысы бойынша –  45,73 %.

4. Алматы облысы бойынша – 40,41 %.

5. Атырау облысы бойынша – 42,29 %.

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,59 %.

7. Жамбыл облысы бойынша – 38,86 %.

8. Жетісу облысы бойынша –  42,32 %.

9. Қарағанды облысы бойынша  42,95 %

10. Қостанай облысы бойынша – 37,10 %.

11. Қызылорда облысы бойынша – 43,18 %.

12. Маңғыстау облысы бойынша  34,57 %

13. Павлодар облысы бойынша – 36,37 %  

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 41,64%.

15. Түркістан облысы бойынша – 44,13%.

16. Ұлытау облысы бойынша – 36,59%.

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 42,88%

Жалпы, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54  пайызы дауыс берді. 

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.