Оқиғадан кейін мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді.
Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз соққыға жыққан
144
оқылды

Тараз қаласындағы №51 мектептің 9-сынып оқушысын көшеде жеті қыз аяусыз соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олардың кастет қолданғаны айтылуда. Оқиғадан кейін мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді.

Туыстарының айтуынша, қыз бала екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Ол жүре алмай, мүгедектер арбасымен қозғалған.

Зардап шеккен оқушының жақындарының сөзінше, оқиғаның бейнежазбалары болғанына қарамастан, күдіктілер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Сондай-ақ отбасы шабуылға қатысы бар деп болжанған туыстары тарапынан өздеріне қоқан-лоқы жасалып жатқанын мәлімдеді.