Қазақстан аумағында сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Байқаушылар референдумда заңбұзушылықтың тіркелмегенін мәлімдеді
www.istockphoto.com
133
оқылды

Қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумға қатысып жатыр, ал тәуелсіз байқаушылар дауыс беру барысын мұқият қадағалап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елдегі барлық сайлау учаскелерінде «Ел дауысы» қорының өкілдері кезекшілік режимде жұмыс істеп жатыр.  Олардың мәлімдеуінше,  таңертеңнен бастап дауыс беру үдерісі заңға сәйкес ұйымдастырылғанын, азаматтардың келуі жоғары екенін, жаппай заңбұзушылықтар тіркелмеген.

«Барлық азаматтарды мемлекеттік өзгерістерге бейжай қарамауға және өз сайлау құқығын ұмытпауға шақырамын», – деді Көкшетау қаласындағы №17 сайлау учаскесінде «Ел дауысы» қорының байқаушы Элеонора Далабаева.

Тараз қаласындағы №494 сайлау учаскесінде байқаушы Гаухар Сайлауханның айтуынша, комиссия жұмысы толық заңға сәйкес жүргізіліп жатыр. Әрбір кезең бақылаушылар тарапынан қадағаланады. Учаске ашылғаннан бастап сайлаушылар белсенді қатысып, кезекке тұрып жатыр. Тұрғындар іс-шараға қызығушылықпен қатысуда. Бірінші келген азаматтарға естелік сыйлықтар табысталады, әсіресе, алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді.

Тәуелсіз байқаушылар Элеонора Далабаева және Әлия Салиева (Орал, №481) дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтіп жатқандығы туралы бірдей қорытындыға келді. Екеуі де қала тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды.  Олардың пікірінше, Конституцияға енгізілетін өзгерістер әрбір азаматтың өміріне қатысты.

Процедура әрбір азаматқа дауыс беру құқығын қауіпсіз әрі ыңғайлы жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған. Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру барысын тікелей қадағалап, кез келген сындарлы жағдай туралы жедел хабарлап, процесс ашықтығын қамтамасыз етеді.