Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де беріледі.
Сағат 14.00-ге дейін референдумға халықтың 51,93%-ы қатысты
фото: Aikyn.kz
127
оқылды

Қазақстан бойынша сағат 14.00-ге дейін референдумда дауыс беруге тізімдегі халықтың  51,93 пайызы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Орталық референдум комиссиясы сайтына сілтеме жасап.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны көрсетеді:

Абай облысы  61,04%

Ақмола облысы  60,05%

Ақтөбе облысы 61,37%

Алматы облысы 56,13%

Атырау облысы 56,54%

Батыс Қазақстан облысы 49,97%

Жамбыл облысы 51,13%

Жетісу облысы 59,82%

Қарағанды облысы  57,32%

Қостанай облысы 56,51%

Қызылорда облысы  64,63%

Маңғыстау облысы 53,14%

Павлодар облысы 53,31%

Солтүстік Қазақстан облысы 52,37%

Түркістан облысы 58,03%

Ұлытау облысы 52,06%

Шығыс Қазақстан облысы  59,60%

Астана қаласы  40,68%

Алматы қаласы 21,68%

Шымкент қаласы 58,24%.

Жалпы, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93%-ға жетті. 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы  конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.