Нұр-Сұлтанда тағы 1 адамнан коронавирус шықты, – деп хабарлайды ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 наурыз, сағат 13:50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті.
Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.
Айта кетейік, коронавирусқа байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қандай тәртіппен төленетінін айтты.
Президенттің айтуынша, алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай кезінде 500 мыңға жуық азамат қаржылық қиындыққа душар болуы мүмкін.
Сондықтан төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған адамдарға шамамен 1 айлық жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлеуді тапсырды.