Спортшылар Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүр.
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбужақынова Чехияда дауыс берді
фото: СІМ баспасөз қызметінен алынды
135
оқылды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшілігі жанындағы №437 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшылар Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүр. Олар сол жақтан жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.