Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Динара Сәтжан жолдасымен бірге референдумда дауыс берді
120
оқылды

Тележүргізуші Динара Сәтжан жолдасы Жұмабек Жанықұловпен бірге республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«35 жыл бойы біз Ескі Конституциямен өмір сүрдік. Бұл – еліміздің қалыптасу кезеңін қамтыған тұтас бір дәуір. Бірақ уақыт бір орында тұрмайды. Әлем жылдам, күрделі әрі талапшыл бола түсті. Егер ел дамығысы келсе, ол да алға қадам жасауы керек.

Жаңа Конституция – бұл жаңару. Бұл – прогреске деген ұмтылыс. Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Бұл – тарихымыздың жаңа парағын ашатын күн», – деп жазды Динара Сәтжан.