Спортшылар референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді.
Өзбекстан еліне жарысқа барған қазақстандық спортшылар референдумға қатысты
фото: СІМ баспасөз қызметінен алынды
197
оқылды

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшілігінде өтіп жатқан республикалық референдумда еліміздің спортшылары қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дауыс беруге шөптегі хоккей бойынша Қазақстанның ұлттық әйелдер құрамасы, сондай-ақ Алматы облысының байдарка және каноэде есу командасы қатысты.

Спортшылар референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді.