Қазіргі уақытқа дейін шетелде референдумның 12 учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтап, 8 079 Қазақстан азаматы өз дауысын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, Орталық Азия, Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка секілді елдердегі 59 учаске әлі өз жұмысын жалғастыруда.
Ал Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландта шетелдік референдум учаскелері өз жұмысын аяқтапты.