Түркияның жан-жағынан білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысуда. Елшілікте дауыс беріп жатқан жастар еліне деген сағынышын ән-күймен жеткізіп, ерекше көңіл күй сыйлады.
Анкара, Ыстамбұл, Анталия, Измир қалаларындағы референдум учаскесіне 2 500-ден аса студент 40 жуық қалалардан келіп, Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берді.
Жастардың пікірінше, олар Қазақстанның болашағы, яғни өздерінің болашағы болғаны үшін осындай белсенділік танытуда.
Шетелдік учаскелерде бас қосқан қазақстандықтар осы сәтті пайдаланып, ұлттық ән-күйлерімізді орындап, би билеп, түрлі спорттық жарыстар арқылы еліне деген сағынышын басты.