Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz орталық референдум комиссияға сілтеме жасап.
Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс.
Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынды. Олардың мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге төмендегідей:
Абай облысы 75,45 %
Ақмола облысы 79,82 %
Ақтөбе облысы 87,05 %
Алматы облысы 71,46 %
Атырау облысы 74,04 %
Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
Жамбыл облысы 85,06 %
Жетісу облысы 78,49 %
Қарағанды облысы 84,30 %
Қостанай облысы 81,21 %
Қызылорда облысы 93,04 %
Маңғыстау облысы 77,89 %
Павлодар облысы 75,51 %
Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
Түркістан облысы 84,03 %
Ұлытау облысы 73 15 %
Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
Астана қаласы 60,36 %
Алматы қаласы 33,43 %
Шымкент қаласы 75,82 %.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызыға жетті.