Отандасымыз тұтқалы ат снарядының финалында 13.733 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.
Зейнолла Ыдырысов әлем кубогында Түркиядағы жетістігін қайталады
Фото: gov.kz
89
оқылды

Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының 3-кезеңінде Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол 2025 жылы да тура осы Антальядағы әлем кубогында 2-орын алған болатын.

Тұтқалы ат снаряды, жүлдегерлер:
Рис Маккленаган (Ирландия, Париж Олимпиадасының чемпионы) - 13.900 ұпай
Зейнолла Ыдырысов - 13.733
Джеймс Хики (Ирландия) - 13.566

Отандасымыз наурыз айының басында Бакуде өткен әлем кубогының кезеңінде де жүлдегерлер қатарына кірген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.