Оқиғадан кейін жарақат алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оққа ұшты
151
оқылды

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметкері карабиннен кездейсоқ оқ атып, қарауыл бастығына тиген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәлімет бойынша, екі азамат та әскери қызметші емес, олар Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері болған.

Оқиғадан кейін жарақат алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза тапқанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Азаматтық қызметтегі әскерилендірілген күзет қызметкерінің Жамбыл облысында қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеті мен процессуалдық іс-шара кешенін жүргізу нәтижесінде анықталатын болады», – деп хабарлады ІІМ Әскери-тергеу департаменті.