Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Ербол Хамитов шамамен 160 миллион теңге көлемінде сыйақы алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бейресми дереккөздердің мәліметінше, алтын медаль иегеріне мемлекеттен 250 мың доллар (шамамен 122 миллион теңге) төленеді. Ал қола медаль үшін шамамен 36 миллион теңге сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылар XIV қысқы Паралимпиада ойындарының командалық есебінде 18-орынға тұрақтағаны хабарланған еді.
Еске салсақ, Ербол Хамитов алғашында 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған. Кейіннен ол алтын жүлдені де иеленіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жоғары марапат салды.