Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Атырауда ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды
87
оқылды

Атырауда әйел адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

16 наурыз күні шамамен сағат 03:30-да полицияға 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, соның салдарынан әйел өлімге әкелген жарақат алған.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.