Түркия тарапы референдум нәтижесінде қабылданған конституциялық өзгерістер Қазақстанның алдағы дамуына игі әсерін тигізеді деген сенім білдірді.
Түркия Қазақстанда өткен референдумға оң баға берді
101
оқылды

15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен республикалық референдумға байланысты Түркия билігі ресми мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәлімдемеде Анкара дауыс берудің бейбіт әрі тыныш жағдайда өткенін құптайтынын атап өтті. Сондай-ақ референдум барысын Түркиядан келген халықаралық байқаушылардың да бақылағаны айтылды.

Түркия тарапы референдум нәтижесінде қабылданған конституциялық өзгерістер Қазақстанның алдағы дамуына игі әсерін тигізеді деген сенім білдірді.

«Қазақстанда өткен және Түркия өкілдері де бақылаған конституциялық референдумның бейбіт әрі тыныш жағдайда өткені бізді қуантады. Референдум қорытындысында қабылданған өзгерістер ел игілігіне қызмет етеді деп үміттенеміз», – делінген ресми мәлімдемеде.