Осыған байланысты ҚМДБ еліміздің барлық өңіріне арналған айт намазының уақытын ұсынды.
Ораза айт намазының кестесі жарияланды
80
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл қасиетті Рамазан айы аяқталып, 20 наурыз күні Ораза айт мерекесі атап өтіледі. Осыған байланысты ҚМДБ еліміздің барлық өңіріне арналған айт намазының уақытын ұсынды.

 

Айт намазы әр өңірде жергілікті уақытқа сәйкес оқылады. Діни басқарма азаматтарды мерекелік намазға алдын ала дайындалып, белгіленген уақытты ескеруге шақырды.