Президенттің айтуынша, еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында!
Президент референдумға жастардың белсенді қатысқанын айтты
84
оқылды

Мемлекет басшысы 15 наурызда өткен референдумға ел жастарының белсенді қатысқанын ерекше атап өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сондай-ақ осы тұста Қазақстан жастарының ерекше белсенді болғанын атап өту қажет. Олар заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев айтып кеткен «ұлттық жауапкершіліктің» озық үлгісін көрсетті. Мұны заңды құбылыс деп айтуға толық негіз бар. Өйткені жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданып отыр. 

Бұған дейін де айттым, қазір де қайталаймын: еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында! 

Мемлекет басшысы ретінде мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Жастарымыздың қарым-қабілеті айрықша, талант-дарыны мол, әлеуеті зор, күш-жігері мықты! 

Қазақстанды әлемдегі ең озық, дамыған елдердің қатарына қосатын да – сіздер! Бұған еш күмәнім жоқ! 

Бүгін төрге озып, тұғырына қонған жаңа Халық Конституциясы сіздерге бағдар беретін темірқазық болады. Себебі, бұл – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат», –  деп атап өтті Мемлекет басшысы.