Аталған жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасында HS-70 тұғырында бақ сынап, 251,5 ұпай жинады.
Екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды
72
оқылды

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасында HS-70 тұғырында бақ сынап, 251,5 ұпай жинады. Осылайша, отандасымыз алтыннан алқа тақты.

Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (249,6 ұпай) бұйырды. Тағы бір қазақстандық Александр Филоненко 242,3 ұпаймен үшінші орынға ие болды.