Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуына барынша шектеу қою қажеттігін айтты.
«Тәжірибе «тәуекел тобы» деп аталатын тұлғалардың медицина жүйесіне үлкен жүктеме салатындығын және олардың арасында өлім-жітімнің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Олар – денсаулығында кінәраты, созылмалы аурумен ауыратын 55 жастан асқан азаматтар. Олардың жұмысқа шығуын барынша шектеп, үйде оқшаулану режимімен қамтамасыз ету қажет», – деді Президент.
Мемлекет басшысы еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын уақытша жабу қажеттігін баса айтты. Барлық қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі қамтамасыз етуді қадағалауды қатаң тапсырды.
«Халық жиі баратын қоғамдық орындарда санитарлық талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бұл ретте ешқандай үнемшілдікке жол жоқ», – деді Президент.