ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Атырауда бір отбасыны өлтірген күдіктіге қандай айып тағылғаны белгілі болды
89
оқылды

Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа қосымша айып тағылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Атап айтқанда, 99-баптың 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 188-баптың 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық»).

«Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше адамды өлтіру және олардың мүлкін жымқыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ресми мәліметте күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетіне құқықтық баға беру мәселесі туралы айтылмаған.