"Шал" фильмі арқылы танымал болған актер Ерболат Тоғызақовтың автобуспен жүрген суреті тарады, – деп жазды Aikyn.kz.
Автобус жүргізушісі актер Ерболат Қасымұлымен түскен суреттерін желідегі парақшасында жариялаған.
Сурет әлеуметтік желіде тез арада тарап, қызу талқыға түсті. Көпшілік танымал актерді барында бағалау керек деп есептейді.
"Осы атаны көрсем жылағым келеді", "Тірі аңыз адам ғой бұл кісі", "Осы кісіге машина сыйлайтын кім бар екен", "Эх, барында бағаламаймыз", деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.