Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында 27 қалалық мектептің шамамен 1 500 оқушысы бір мезгілде бес асық ұлттық ойынына қатысты.
Көкшетауда бес асық ойынында ұлттық рекорд орнатылды
Фото: gov.kz
97
оқылды

Бастаманың мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды нығайту, дәстүрлі спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ елдің рухани байлығын сақтауда ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ету, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Айгерім Қошанованың айтуынша, аталмыш шара Қазақстанның Рекордтар кітабына ресми түрде енгізілуге ұсынылды. 22 наурызға дейін комиссия өкілдері барлық қажетті тексерістерді жүргізеді, ал мереке күні сертификатты салтанатты түрде тапсыру жоспарлануда.

Айта кетейік, өңірдегі мектептерде ұлттық спорт түрлерінен 419 секция жұмыс істейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.