Астана халықаралық әуежайында қазіргі уақытта ұшып келу және ұшып кету бағытындағы 20-дан астам рейс кешіктіріліп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, кешігудің ішінде 14 рейс – ұшып келу, 9 рейс – ұшып кету бағытында. Мамандардың айтуынша, кешігуге ауа райы әсер еткен жоқ.
Әуежай жолаушыларына рейстердің уақытын алдын ала әуе компанияларының байланыс орталықтары немесе ресми сайттағы кестеден тексеру ұсынылады.