Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол кенже ұлын туған күнімен құттықтап, аналық тілегін жеткізді. Сонымен қатар ұлы мен келінінің тату отбасы екенін атап өтті.
«Бүгін менің кіп-кішкентай жүрекшем Заңғарымның туған күні! Келінім Индиркам екеуі, қол ұстасып, ыстық жанұясында, үлкен әулетті отбасына айналып, ауызбіршілігі мол болып, үміт арқан ата-ана, біздерді бақытқа жеткізсін! 2 жылдан бері бір-біріне қабақ шытқанын, ұрыс-керісін көрмедік, көз тимесін! Осы қалыптарынан айнымасын, бұл ана үшін ең үлкен бақыт, осы бақытымнан Құдай айырмасын!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары өнер иесінің отбасына жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.