«Пәтерінің есігін бұзып кіріп, емдеуге күштеп алып кетті» – Минскіден келген көкшетаулық жауапқа тартылады
«Пәтерінің есігін бұзып кіріп, емдеуге күштеп алып кетті» – Минскіден келген көкшетаулық жауапқа тартылады
Фото: Интернеттен алынды
183
оқылды
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі карантинге жатудан бас тартқан көкшетаулықтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның мәліметінше, 19 наурызда «Минск – Нұр-Сұлтан» әуе рейсінен түскен көкшетаулық міндетті түрде карантинге жату талабынан бас тартып, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетаудағы үйіне келген. Медициналық тексерістен өткізу үшін оның үйіне СЭҚ және жедел жәрдем қызметі барған. Алайда, ер адам медицина қызметкерлеріне пәтерінің есігін ашпаған. «Бұл туралы бірден Көкшетау қалалық Полиция департаментіне хабарланып, тәртіп сақшылары пәтердің есігін бұзып, ер адамды емдеу мекемесіне күштеп жеткізді. Ол жерде одан қажетті сынама алынып, вирусология зертханасына жіберілді», – дейді ведомствоның ресми өкілі. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ер адамға қатысты ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі бойынша (санитарлық ережені немесе гигиеналық талаптарды бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.