Өнер иесі «Әңгіме бар» подкастында екеуінің арасында болған түсініспеушілік туралы айтты.
Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовaдан кешірім сұрады (видео)
137
оқылды

Әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесі Майра Ілиясовaдан кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі «Әңгіме бар» подкастында екеуінің арасында болған түсініспеушілік туралы айтты. Даудың басты себебі халықтан жиналған қаражаттың есебіне қатысты болған. Бірақ оны екінші тарап дұрыс түсінбеген. Әнші қазір өткенге сабырмен қарайтынын жеткізді.

«Бұл өмір ғой. Мен де принципте тұрып алдым. Негізі Майра апай жұмсақ кісі. Бірақ мен бастасам, аяғына дейін жеткізбей қоймаймын. Сөздің емес, істің адамымын. Бір жағынан, гештальтты жапқым келді. Сол кезде жексұрын болып көрінген шығармын. Бірақ менің мақсатым басқа еді. Өмір қысқа ғой. Ол кісінің жасы үлкен. Мен осы подкаст арқылы Майра апайдан кешірім сұрағым келеді», — деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.