Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтіп, Мәскеуге қазақ мәдениетінің бір бөлігімен бірге көктемгі жылулықты, позитивті көңіл күйді және болашаққа деген сенімді алып келді.
Мәскеуде Наурыз мерекесі тойланды
Фото: Сыртқы істер министрлігі
93
оқылды

Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен ВДНХ аумағындағы «Қазақстан» павильонында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қатысты.

Қазақстанныңқ студеегі Елшісі Дәурен Абаев Наурыздың жаңару символы екенін және биылғы жылы еліміз мерекені саяси және мемлекеттік-құқықтық жаңарудың белгісі болған жаңа Конституциямен бірге атап өтіп жатқанын мәлімдеді.

«Ғасырлар өте келе біздің әлеуметтік-тұрмыстық және өркениеттік өмір салтымыз түбегейлі өзгерсе де, бұл мерекенің мағынасы әлі де өзекті болып қала береді, тіпті одан да құдіретті және жан-жақты бола түсуде» - деді Елші.

Ресей қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері іс-шара барысында қатысушыларға өз жылы лебіздерін білдірді.

Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Гүлшат Алимова Мәскеуде тұрғанымен, ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінін, сақтайтынын және жас ұрпаққа жеткізетінін атап өтті. «Бұл біздің Отанымыз, біз өзіміздің шығу тегімізді ұмытпауымыз керек», – деді ол.

«Жолдастық» қазақ мәдениеті өңірлік қоғамдық ұйымы (Астрахан облысы) төрағасының орынбасары Әлия Ғұмарова өңірде Наурыз мейрамының дәстүрлі түрде кеңінен аталып өтуде екеніне және ол биыл 18 сәуірде мерекеленетінін еске салды. Сондай-ақ, қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тіледі.

Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Іс-шара қонақтары заманауи қазақ өнерінің бүкіл әдемілігі мен байлығын көрсеткен концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан Академиялық филармониясының әртістері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов, сондай-ақ виртуоз баяншы Олжас Нұрланов пен әнші Александр Фролов өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтіп, Мәскеуге қазақ мәдениетінің бір бөлігімен бірге көктемгі жылулықты, позитивті көңіл күйді және болашаққа деген сенімді алып келді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.