Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады.
Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйлады
190
оқылды

Елге белгілі продюсер, қазіргі танымал әнші Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса, жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады.

Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет!

Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын!

Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін, құрбым!",-деді М. Мұқанова.