Жауын-шашынның салдарынан Батыс Қазақстан облысы су басуы мүмкін.
Еліміздің қай өңірлерін су басуы мүмкін?
www.istockphoto.com
151
оқылды

"Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы мүмкіндігін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Олардың мәліметінше, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары және жауын-шашынның салдарынан Батыс Қазақстан облысы су басуы мүмкін. 

"Қазгидрометтің" дауылды ескертуіне сәйкес:

Ауа температурасының күндіз +5…+10°C-қа дейін, ал оңтүстік аудандарда +13°C-қа дейін көтерілуіне (түнде 0…+5°C), сондай-ақ 24 наурызға болжанған жауын-шашынға байланысты 23-25 наурыз аралығында Абай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында қардың қарқынды еруі жалғасады. Салдарынан беткейлік ағындар қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. 

Ауа температурасының күндіз +5…+10°C-қа дейін көтерілуіне, сондай-ақ 24 наурызға болжанған жауын-шашынға (жаңбыр, қар) байланысты 23-25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында да қардың қарқынды еруінен өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Салдарынан су тасуы мен су басу қаупі сақталады.

Температураның күрт +13…+22°C-қа дейін көтерілуіне, түнгі температураның нөлден жоғары өтуіне және 24-30 наурыз аралығында жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында (Орал қаласында, сондай-ақ Тасқала, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында +13…+20°C, Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Казталов, Ақжайық, Сырым және Қаратөбе аудандарында +15…+22°C дейін) қардың қарқынды еруі және еріген судың ағыны қалыптасады деп күтіледі.