Birgemiz қоғамдық қорына қаражат ерікті түрде жиналуы тиіс – Айдос Үкібай
Birgemiz қоғамдық қорына қаражат ерікті түрде жиналуы тиіс – Айдос Үкібай
Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Birgemiz қоғамдық қорына қайырымдылыққа арналған коронавируспен күрес үшін қаражат ерікті түрде жиналуы тиіс екенін айтты. Ол Twitter-дегі жазбасында: «Бүгінде Birgemiz қоғамдық қоры қайырымдылық қаражатын бизнес-қоғамдастықтар мен кәсіпкерлерден ғана жинап жатыр. Яғни, ең бірінші кезекте Елбасы үндеуі жолданғандардан ғана», – деп атап өтті. Осы орайда Айдос Үкібай еліміздің бірқатар өңірінде бюджеттік сала қызметкерлерінен Birgemiz қоғамдық қорына мәжбүрлі түрде қайырымдылық қаражаты жиналып жатыр делінген ақпараттың тарады. «Мұндай қайырымдылыққа мәжбүрлеп қаржы жинауға болмайды. Барлық қайырымдылық тек қана ерікті түрде жүзеге асырылуы тиіс», – деді Айдос Үкібай. Айта кетейік, Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбай да Facebook парақшасында облыстардан коронавируспен күресу үшін бюджеттік сала қызметкерлерінен бір күндік жалақысын аударуға мәжбүрлеген жағдайларға шағымданған хаттар келіп түсіп жатқанын жазған болатын.