Италияда өткен Паралимпиада ойындарында алтын және қола жүлде иеленген Ербол Хамитовке облыс орталығынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Петропавлда қысқы спорт түрі бойынша тоғыз спортшыға халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсеткені үшін құрмет көрсетілген.
Олардың қатарында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов бар. Сонымен бірге, Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алған Кристина Шумекова да баспаналы болды.
Бұл ретте Ербол Хамитовке үш бөлмелі пәтер табысталса, Надежда Морозоваға екі бөлмелі пәтер беріп отыр. Ал Шумековалар отбасына үш бөлмелі пәтер кілті тапсырылған. Сондай-ақ, бірнеше спортшы мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар ұсынылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.